Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысты

30-05-2024, 16:41 Мадина Айдарова

28 мамырда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин бастаған Қазақстан делегациясы Парижде өтіп жатқан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) ассамблеясының 91-ші Бас сессиясының жұмысына қатысты.

2024 жылғы 26-30 мамыр аралығында Франция астанасында жыл сайынғы кездесуге әлемнің 183 елінен ветеринарлық қауымдастықтың сарапшылары жиналды.

Айта кетейік, биыл Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) өзінің 100 жылдығын жоғарғы дәрежеде атап өтуде.

Сессия барысында Ұйымның жаңа Бас директорынының сайлауы өтті, нәтижесінде Франция өкілі Эммануэль Субейран жеңіске жетті. Қазақстан делегациясының басшысы А.Бердалин оны сайлануымен шын жүректен құттықтап, Ұйымның табысты дамуына тілектестігін білдірді, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.

Сессия барысында Аманғали Бердалин ұйымға мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрліктерінің және ұлттық ветеринарлық қызметтердің басшылығымен екіжақты жұмыс кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары және Ветеринариялық бақылау және азық-түліктік қадағалау департаментінің директоры - Смильгин Иван Ивановичпен, Иран Ислам Республикасы министрінің орынбасары және Ветеринарлық ұйымының басшысы - Маджтаба Норузи, Түркия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы вице-министрі - Ахмет Гюмен, Жапонияның ветеринарлық қызметінің басшысы - О.Масатсуджи, Латвияның Азық-түлік ветеринарлық қызметінің бас директоры - Марис Балодис, Грузияның Ұлттық азық-түлік агенттігі басшысының орынбасары Василий Басиладзе және өзге де елдердің өкілдерімен, сондай-ақ ДЖДҰ Бас директорының кеңесшісі Романо Марабеллимен ынтымақтастық арттыру бағыттарын талқылады.

Қазақстаннан шетелдік нарықтарға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды жолға қоюға байланысты мәселелер талқылаудың негізгі мақсаты болды.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) бас директорының кеңесшісі Романо Марабелли Еуропалық Одақ елдеріне жылқы етін экспорттау мәселесі бойынша Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Кездесу барысында қазақстандық тауар өндірушілерге қажетті сертификаттарды алуға және ЕО стандарттарына сәйкестігіне көмектесуге бағытталған нақты қадамдар мен бірлескен жұмыс жоспарлары талқыланды.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық зертханалар үшін жоғары дәлдіктегі жабдықтарды, оның ішінде өнімділігі жоғары сұйық хроматографтарды (ЖЭТ) сатып алуды жоспарлап отыр. Осыған орай, Латвия және Грузия өкілдерімен кездесулерде ветеринариялық зертханалар жұмысы бойынша тәжірибе алмасу және мамандарды даярлау мәселелері талқыланды. Бұл шаралар осы елдердің институттарымен және зертханаларымен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында Еуропалық Одақ аккредитациясын алуға ықпал етеді.

Қазақстандық делегация халықаралық әріптестермен орнаған ынтымақтастық ветеринариялық қызметті дамытуға және Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Аманғали Бердалин БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі А.Әбдірахмановқа кездесуді ұйымдастырғаны және француз тарапымен байланыс орнатуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив