Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Семейде «Еңбекші жастар - 2023»  фестивалі өтті

1-03-2023, 17:57 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қалалық мәдениет сарайында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Еңбекші жастар - 2023»  фестивалінің қорытынды кеші өтті.  

Кеш барысында 8 кәсіпорын мен мекеме қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, өнерлі жастардың концерттік бағдарламасын тамашалады. 

«Шараның мақсаты түрлі салада қызмет етіп жүрген жастардың белсенділіктерін арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Сондай-ақ жұмысшы жастардың қоғамдағы рөлін айшықтап, мәртебесін арттыру. Адал еңбек етіп жүрген жастарды өзгелерге үлгі ретінде насихаттау», - дейді жергілікті жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Е. Өрлеубек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында еліміздегі еңбекқор адам мен кәсіби маман жоғары бағалануы тиіс деген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив