Елімізде «Әруаққа тағзым» іс-шарасы ұйымдастырылды
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізді.
Таңмен Кеңсай зиратына барған бір топ азаматтар дүниеден өткендердің басына зиярат етіп, құран бағыштады, артынан марқұмдарға арналып ас берілді.
- «Өлі разы болмай, тірі байымас»дегендей, бүгін жылдағы дәстүр бойынша саяси қуғын сүргіндерді еске алу күнінде Кеңсайда жатқан марқұмдарды тәу еттік. «Әруаққа тағзым» жобасы аясында енді экспедициялық топ болып, киелі Түркістан, әулиелер жатқан мекен Маңғыстауға, шығыс пен солтүстікте жерленген азаматтарымыздың басына бару үшін жолға шығамыз»,- деді ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.
Экспедициялық топты белгілі ақын, тележүргізуші Бақыт Беделхан бастап бармақшы.
Алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекСаяси қуғын-сүргін құрбандарын әлеуметтік қолдау шаралары туралыҚазақ театрының кіндік қаны тамған жерге «Assyltas» театры гастрольдап қайттыШәкәрім және бүгінгі қазақ қоғамы