Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Сенатта жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы заң жобасы талқыланды

1-03-2023, 18:21 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста жер учаскелеріне құқық берудің мемлекеттік қызметтерін цифрландыруға қатысты заң жобасын талқылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жолымен жер учаскелеріне құқықтар берудің ашықтығы мен оңтайлы болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасында цифрлық ақпаратты көрсете отырып, жария кадастрлық карта бойынша «Электрондық Үкіметтің» веб-порталы арқылы жерге тиісті құқық беру, қалалық елді мекендердегі жер учаскесі мен жылжымайтын мүлік объектісіне сәйкестендіру құжаттарын бір «жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортына» біріктіру ұсынылған.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: Б.Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив