Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Итальяндық компаниялар Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделі

31-05-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Рим қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстанмен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірқатар ірі итальяндық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.

«Leonardo» трансұлттық компаниясының президенті Стефан Понтекорвомен кездесуде тараптар авиаөнеркәсіп және АӨК салаларындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Итальяндық тарап табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ аэроғарыштық технологиялар негізінде пайдалы қазбаларды өндіру үшін су мен топырақ құнарлылығына байланысты ауыл шаруашылығын басқару жүйесін ұсынды. С.Понтекорво Қазақстан стратегиялық серіктес және жобаларды іске асырудағы басым ел екенін атап өтті.

«Dpi Sekur» компаниясының президенті Витторио Де Блазииспен жеке қорғану құралдарын, оның ішінде тыныс алу жүйесін қорғауға арналған жабдықтарды шығару, Қазақстанда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған негізгі жабдық элементтерін өндіруді оқшаулау бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды.

«PetrolValves S.p.A» бас директоры Сандро Малкоримен келіссөздер барысында осы компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметін кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жоғары технологиялық арматура өндірушісі шығарылатын өз өнімдерінде қазақстандық бөлігін арттыруды және оның көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Қазақстанда бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру «Agroittica» компаниясының бас директоры Карла Сорамен кездесуде қаралды. «Agroittica» – бекіре тұқымдас балық мен қара уылдырық шаруашылығының ірі өндірушісі.

«Curator» компаниясының президенті Фабио Помпеимен келіссөздер барысында тараптар су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. «Curator» сумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру, суды бөлуге қажетті энергияны тұтынуын қысқарту, сондай-ақ көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыруға мүдделі.

ҚР СІМ басшысы сондай-ақ Қазақстандағы «NEOS Airlines» әуекомпаниясының бас директоры, Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының президенті Марко Береттамен кездесті. Министр М.Нұртілеуге Италияда Қазақстан туралы хабардарлықты арттыруға және елімізді өңірдегі ірі туристік және мәдени орталық ретінде ілгерілетуге бағытталған «Road to Kazakhstan» жобасы ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив