Семей қаласының ХҚКО-ы балаларды қорғау күнімен құттықтады
Мерекеге орай, бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалы ХҚКО-да «Балаларға күлкі сыйла» акциясын өткізіп, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жас келушілеріне естелік сыйлықтар табысталды.
ХҚКО-ға келген барлық балалар кәдесыйлар мен шарлар алды. Сонымен қатар, орталықта мерекелік көңіл күй сыйлау үшін барлық келушілерге тәттілер таратылды.
«Күн сайын бізге жүздеген балалар келеді. Бірі өзінің алғашқы жеке құжатын алса, бірі ата-анасымен еріп. Біз үшін балаларға күлкі сыйлау әрқашан қуаныш. Сондықтан балаларды мерекемен құттықтап, жақсы көңіл күй сыйлағанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті филиал директорының м.а. Мұрат Өмірзақов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысында 3 680 бала дүниеге келген. Ал туу туралы куәлікті алуға өтінішті ХҚКО-да да, онлайн режимінде де беруге болады. Бұл ретте мемлекеттік баж қарастырылмаған.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыЦДИАӨМ құрылыс нысандарын пайдалануға беру процесіне ғарыштық мониторинг енгізуді ұсынадыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі