Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.45 598.59 6.58

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы

1-06-2024, 13:31 018.kz

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын.

Балалар - біздің жарқын болашағымыз, еліміздің ертеңі. Әрбір баланың бақытты, білімді, мейірімді, тәрбиелі болып өсуіне жағдай жасау – басты міндетіміз.

Біз облысымыздағы жеткіншіктердің ғылымда, спортта, өнерде және басқа салаларда жетістікке жетуіне бар күш-жігерімізді саламыз. Өңірімізде балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Балғындарымыз алаңсыз демалып, денсаулығын нығайтуы үшін жазғы лагерьлер мен спорт секциялары ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Жас ұрпақ әрдайым жетістіктерімен, табыстарымен, өнерімен, білімімен ата-анасын, жақындарын қуанта берсін. Әр күн қуаныш пен бақытқа толы болсын!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив