Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Эдуард Ким – әлем кубогының жеңімпазы

2-06-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ким Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем Кубогының кезеңінде алтыннан алқа тақты.

Отандасымыз техникалық бағдарламада 204.3900 ұпай жинап, тағы да үздік екенін паш етті. Бұл Эдуардтың Әлем Кубогында жекелей сында алған алғашқы алтын медалі. Ол осыған дейін былтыр Испания мен Франциядағы кезеңде күміс, ал осы Маркемдегі сайыста күміс (техникалық) пен қола (еркін бағдарлама) жүлдеге қол жеткізген.

Ал әйелдер арасында Карина Магрупова осы бағдарламада 5-сатыдан көрінді. Айта кетейік, 2 маусымға дейін өтетін кезеңде 16 елдің 88 спортшысы сынға түседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив