Абай облысында 300-ден астам адамға тегін құқықтық көмек көрсетілді
2024 жылғы 30 мамырда Семей қаласында және облыстың аудан орталықтарында жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті, онда өңір тұрғындары мемлекеттік органдардың басшыларынан, адвокаттар мен нотариустардан білікті заң көмегін алды.
Акция Әділет департаментімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Абай облысының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға тегін заңгерлік көмек көрсету.
Онда 50-ден астам білікті маман қатысып, 300-ден астам адам құқықтық көмек алды.
Құқықтық кеңестер сондай-ақ сырт елде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына да бейнебайланыс арқылы көрсетілді.
Мысалы, Оңтүстік Кореяда тұратын Қазақстан азаматы көші-қон мәселелері бойынша құқықтық көмек ала алды.