Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Станислав Черчесов – футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

3-06-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.

Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)

Польша чемпионы (2015/16)

Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)

2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)

Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)

Мажарстан кубогының иегері (2021/22)

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив