Семейде тарихи қиылысты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Биыл «Тарихи қиылыстың құрылысы» жобасын іске асыру жоспарлануда. «Прииртышье» өлкетану қоғамының өкілдерімен бірлесіп Найманбаев пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысы таңдап алынды.
Бұл қиылыс Семей қаласының орталығында орналасқан. Мұнда әртүрлі дәуірлердің ғимараттары орналасқан: патша және кеңес кезеңдері (20 ғасырдың басы) және қазіргі заман.
Қазіргі уақытта мердігерлер осы аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарға кірісті.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мердігерлермен кездесіп, жобаны белгіленген уақытқа дейін сапалы орындауды тапсырды.
Тарихи қиылыстың жобасы ғимараттардың маңдайшасындағы жазудың бірыңғай дизайнымен жазылуын көздейді. Ғимараттарға QR кодтары бар тақтайшалар орнатуды жоспарлануда. Оларды сканерлеу кезінде тарихи анықтама ашылады. Онда тарихи үйдің салынған күні және үй туралы анықтама беріледі. Сондай-ақ, Қазақстанның көптеген қалаларындағы сияқты жаяу жүргіншілер, автомобиль және тұрақ аймақтарын текстуралы етіп бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ, шағын архитектуралық формалар орналастырылатын болады. Мүсіншімен бірге дұрыс орналасу мәселесі шешілуде.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі