Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
463.77 495.49 5.31

Қырғыз еліне өңірлік ғалымдардың сапары

4-06-2024, 15:30 SHAKARIM UNIVERSITY

Shakarim University оқытушылары Қырғызстан Республикасында    ғылыми тағылымдамадан өтіп, сыртқы академиялық ұтқырлық бағытында дәрістер циклын оқып қайтты. Білім ордасының «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушылары PhD докторы, қауымдастырылған профессор А.К.Оразгалиева, PhD докторы М.С.Искакова және «Тарих» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.Д.Ахметова, т.ғ.к. Г.А.Абенова Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласындағы Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті жүзеге асырып қайтты.

Сапар аясында аталған елдің VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ұлттық, мәдени және символикалық аспектідегі естелік саясаты мәселесі талқыланған халықаралық саммитке қатыстық. Жоғары экономика мектебімен ұйымдастырылған Банк Компаньон, Айыл банк, Бақай банк, Оптима банк, РСК банк сияқты екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен өткен «Заманауи банктік өнімдер мен қызметтер және олардың Қырғыз Республикасындағы сұранысы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде белсене қатысып, тәжірибе алмасу бағыттарын сөз еттік. Нәтижесінде, бауырлас қырғыз ғалымдарымен бірлескен оқу құралын шығару жоспарланды. 

Отандық ғалымдар Ж.Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетіне шақырылған ғалым ретінде қазақстандық тәжірибемен бөлісіп, тыңдаушылармен Case-studу форматында пікір-талас алаңында тәжірибе алдық. 

ЖОО-ның оқытушылары сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 580100 «Экономика, 530400 «Тарих» және 531500 «Өлкетану» бағыттарындағы студенттерге арналған дәрістер циклын оқыды.

Университет ғалымдары ғылыми тағылымдамадан өту барысында шетелдік ғалымдарымен кездесіп, өзара тәжірибе алмасуға, байланыс жасауға мүмкіндік берілді. Кездесу нәтижесінде екі университеттің ғалымдары бірлескен ғылыми мақала жазып, Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінде әрекет етуші ВАК журналында апробациялау жоспарланды. 

Біз үшін қуантарлығы, Шәкәрім университеті ғылыми тағылымдамадан өтуде әрі сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруда оқытушыларын қолдайды.

PhD доктор, қауымдастырылған профессор

 А.К. Оразгалиева

PhD доктор

 М.С.Искакова

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив