Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Абай облысында оқушылар мен студенттердің жаңа құзыреттіліктері қолдауға ие

5-06-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының білім басқармасы және облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы «R:ED FEST», «Roboland», «Kazrobotiсs», «RoboZerde 2024» чемпионаттары, «Steam fest digital Abai» фестивалі, робототехника хакатондары, «3d үлгілеу», «Жасанды интеллект», видео және медиа бағыттары бойынша байқаулар, спорттық бағдарламалаудан олимпиадалар мен турнирлер өткізілді.

Аталған білім бәйгелері «Болашақ инженерлер» жобасының аясында «Zerde», «Robotek grand tournament», «First Kazakstan Championchip», «Арман Инжиниринг» ЖШС және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Абай облысының оқушылары халықаралық чемпионаттарда: Индонезия, Сингапур, Орталық Азия, ҚХР мен Түркияда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Балалар «Үздік робот» бойынша гран-при жеңіп алса, Қырғызстанда «Несмотря на трудности» номинациясына қол жеткізген.

Жалпы 600-ден аса оқушы облыстық, 50-ден аса - республикалық, 25 - халықаралық деңгейдегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив