Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылды

2-03-2023, 09:56 Думан Кенжеғазыұлы

Әскердің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебі жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық форматқа ауыстырылды.

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет іске қосылды. Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бірде-бір құжатсыз ала алады.

– SmartDataUkimet ақпараттық-талдау жүйесінің арқасында кейінге қалдыру құқығы 500 мыңнан астам әскерге шақырылушыға берілетіні анықталып отыр. Бүгіннен бастап азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алады. Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін цифрландыру жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік береді, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив