Еліміздің бас қаласында әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілуде
Астана қаласының Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 орта мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына тіркеу куәліктері салтанатты жағдайда табыс етілді.
Іс-шараға астанадағы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Қарулы күштердің, ауған соғысының ардагерлері мен мұғалімдер қатысты.
Қазіргі уақытта 2006 жылы туған жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жалғасуда. Осы шаралар кезінде жастар медициналық тексеруден өтеді. Егер қандай да бір аурулары анықталса, олар әрі қарай тексеруден өтуге және емделуге жолдама алады.
Астана қаласындағы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдері құрған тіркеу комиссиялары бұл жұмысты биыл қаңтардан бастап, наурыз айының соңында аяқтайды. Алдын ала деректер бойынша елордада 7 мыңға жуық азамат, ал республика бойынша 115 мыңдай азамат әскери есепке алынады деп отыр.