Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Бородулиха ауданында балалар лагерлеріне баратын жол жөнделуде

6-06-2024, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығына баратын жолды тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жаз уақытында бұл жолдың маңызы зор, себебі осы жол арқылы балалар жазғы сауықтыру лагеріне барады.

Жұмысқа төрт техника жұмылдырылған: екі тиегіш және екі «Shacman» жүк көлігі.

«Ең алдымен, біз балалардың лагерьге уақытында, әрі қиындықсыз жетуі үшін жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Тұрмыстық қоқыстарды пайдалану – бізге жолдың толық жөнделуіне тезірек кірісуге мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара», - деді аудан әкімінің орынбасары Мағжан Табылдин.

Алдағы күндері жұмысты аяқтау жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив