Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қарулы күштер дабыл бойынша көтерілді

7-06-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

6 маусымда Қарулы күштердің барлық түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамы жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізу шеңберінде дабылмен көтерілді.

Қарулы күштердегі осы іс-шаралардан дәстүрлі түрде жазғы оқу кезеңі басталады. Ол 1 маусымда басталып, 2024 жылдың 31 қазанында аяқталады.

Тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуеайлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері және әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібі іс жүзінде пысықталады.

Техниканың шығуымен және белгіленген орындарда басқару пунктерін өрістетумен жаттығулар мен сабақтар өткізіледі.

Әскерлердің ықтимал қауіптерге ден қою қабілеті, құрамалар мен әскери бөлімдердің арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру деңгейі тексеріледі.

Өткізілетін іс-шаралар әскери басқару органдары жұмысының үйлесімділігін арттыруға, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив