Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Курчатов қаласын абаттандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр

7-06-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Курчатов әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады. Бүгінгі таңда бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Биыл құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін «Придорожное» кен орнын игеруді бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, елдегі ең ірі жанармай құю станциялары желісінің құрамына кіретін заманауи жанармай құю станциясының құрылысы басталмақ. Болашақта сода күлін шығаратын зауыт құру мүмкіндігі қарастырылуда.

2021 жылы басталған 120 орындық «Тополек» балабақшасын қайта жаңарту аяқталды. Жаңа балабақша ағымдағы жылдың 3 маусымында пайдалануға берілді.

Қалалық ауруханада қызмет көрсету жағдайларын жақсарту үшін Call сenter операторларының штатын үш бірлікке көбейтіп, тіркеуге үш қызметкер қосылды. Бірінші қабатқа күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, алда үшінші және төртінші қабаттарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Аула спортын дамыту аясында үш спорт алаңында жөндеу жұмыстары және шағын футбол алаңының құрылысы басталды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялауға арналған арнайы орынның құрылысы аяқталып, биотермиялық шұңқыр құрылысының жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, авариялық құбырларға жөндеу жүргізілді. Ауыз судың тозығы жеткен жүйесін қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Бұдан басқа, бірыңғай жылу көзі мен кәрізді тазарту станциясын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.

Жазғы кезеңде қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында бес көппәтерлі үйдің қасбеттері қайта боялып, үш ғимаратта муралдар салынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив