Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Азаматтарды жеке қабылдау нәтижелері облыс әкімдігінде талқыланды

10-06-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті және Ақсуат аудандары халықпен кездесу және жеке қабылдау қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептерін ұсынды.

Көкпекті ауданында халықпен кездесуде көпқабатты үйлер, спорт кешендерін салу, қоғамдық көлік пен медициналық қызметтерді дамыту мәселелері көтерілді. Жергілікті зейнеткер республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолын жөндеу туралы өтініш жасаған болатын. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мен «China Xingxing Corparation (Group)» ЖШС мердігері арасындағы келісім-шартқа сәйкес «Қалбатау-Майқапшағай» учаскесіндегі 906-1321 шақырымындағы қайта жаңғыртуды «Қазстройтехник» ЖШС және «Семей жолдары» ЖШС қосалқы мердігерлік ұйымдары жүргізеді. Жұмысты 2024 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін несиелеу көлемін ұлғайту қажеттігін айтқан еді. Алдағы уақытта тұрғын үй сатып алу үшін несиелеу мөлшері аудан орталықтарында 2500 АЕК-ке дейін және ауылдық елді мекендерде 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылатын болады.

Ал Ақсуат ауданының тұрғындары инфрақұрылымдық нысандарды салу мен қайта жаңғыртуға, тұрғын үй инспекциясы, білім беру мен денсаулық сақтауға байланысты бірқатар проблемаларды атап өтті. Қоғам белсенділері «Қарғыба» су тоспасы мен «Жаңа Тоғам» магистральдық каналын күрделі жөндеу қажеттігіне назар аударды. Су тоспасының жобалық-сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар 80% орындалды. Мердігер - «Асыл-Строй» ЖШС.

Жиын барысында Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарымен өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті.

«Көтерілген әрбір мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болуы тиіс. Біз әр тұрғынды мұқият тыңдап, оларға нақты жауап беруіміз керек. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасына сәйкес келеді», - деді өңір басшысы.

Жиын соңында аймақ басшысы аудан әкімдеріне тиісті басқарма басшыларымен бірлесіп, тұрғындар мәселесін шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив