Сумен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда
ҚР Үкіметінің отырысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аймақты сумен жабдықтау мәселесі туралы баяндады. Облыс халқының 92,8%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген (қала - 92,8% және ауылдық елді мекендер-92,9%)
Аймақтағы 607,5 мың тұрғынның 43 мыңнан астамы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. Семейді сумен қамтамасыз ету 91,5% құрайды.
Мәселені шешу үшін 2023 жылдан бері жоспарланған тоғыз нысан пайдалануға берілмек. Бұл жобаларға 6,6 млрд теңге бөлінді. Жоба жүзеге асқанда 16 мыңға жуық адам сумен қамтылады. Нәтижесінде көрсеткіш 96,5%-ға дейін артады.
Сонымен қатар, сумен жабдықтауды 100%-ға жеткізу үшін 2025 жылы тағы 11 мыңға жуық адамды қамтитын сегіз жаңа жоба іске асырылады.
Тағыда оқыңыз
Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы су тапшылығын шешу жолдарын айттыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналған2029 жылға қарай Астана агломерациясында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады