Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.32 609.05 6.52

Астанада Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

13-06-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігіне Сербия қорғаныс ведомствосының басшысы Братислав Гашич ресми сапармен келді.

Сербия қорғаныс министрі «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Братислав Гашич өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Братислав Гашич құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Тараптардың серіктестік қатынастарды дамытуға деген ұмтылысының белгісі ретінде министрлер Қазақстан Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанындағы «Достық аллеясына» ағаш отырғызды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив