Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.82 627.1 6.78

Республикалық «Абай оқуларында» 47 оқушы жеңімпаз атанды

13-06-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

XXV республикалық «Абай оқулары» аяқталды. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 130-дан астам жас абайтанушы қатысты.

Байқау «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері» , «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» ,«Көңілім әнді ұғады» ,«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,«Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» аталған 6 номинация бойынша өтті. Қатысушылар Абайдың 200-ге жуық өлеңін, 45 қарасөзін және екі поэмасын жатқа оқыды.

Сайыс қорытындысы бойынша 47 оқушыға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы тапсырылды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 6 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 18 және III дәрежелі дипломмен 23 қатысушы марапатталды. Арнайы номинация 18 қатысушыға табысталса, тағы 20-ға жуық оқушы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Анықтама үшін: XXV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өтті. Ұйымдастырушы – «Дарын» РҒПО және Абай облысының білім басқармасы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив