Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Көкпекті ауданында 22 оқу кабинеті жабдықталуда

17-06-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданында «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепті жарақтандыру жүргізілуде. «Қазақстан халқына» қоры Көкпекті ауданындағы мектепті қоса алғанда, республикадағы тірек мектеперді жаңғыртуға 250 млн теңге бөлді.

Бұл бағдарламаның мақсаты – ауыл мектептерін дамытудың тиімділігін арттыру, елдегі жетекші оқу орындарымен әріптестікті қамтамасыз ету, қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту. Сонымен қатар, материалдық-техникалық жарақтандыру мен педагогтердің кәсіби дамуына теңдей жағдай жасауға ерекше назар аударылады.

Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепте 22 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберханалары жабдықталады. Олардың қатарында STEM-зертхана, АРТ-студия, телестудия және оқушыларға арналған коворкинг алаңымен қамтылған заманауи кітапхана бар.

Мектепті заманауи техникалық құралдармен жарақтандыру жұмыстары басталып, 2024 жылдың 25 маусымына дейін аяқтау жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив