Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Аягөз ауданында «Тарбағатай барысы – 2024» турнирі өтті

18-06-2024, 13:31 018.kz

Тарбағатай ауылында 2014 жылғы мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен «Тарбағатай барысы – 2024» турнирі өтті.

Турнир тек ауылдан шыққан азаматтар арасында болды. 

Шараны ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай жарыстар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық спорт түрлерін насихаттауға үлкен үлес қосады.

«Турнирдің басты мақсаты – ауыл азаматтарын біріктіру, қазақ күресін дәріптеу және жастарға үлгі болу. Ауылымыздан шыққан азаматтар өздерінің мықтылығын үлкен аренада дәлелдеп, туған жердің намысын қорғап жүр. Олардың бұл жеңістері ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлап, жас спортшыларға шабыт береді. Сондықтанда осы шараны он жылдық кездесуіміз аясында ұйымдастырып отырмыз», - дейді Думан Кенжеғазыұлы.

Боз кілем бәсекесінің нәтижесі бойынша «Тарбағатай барысы – 2024» атағын Мейіржан Әбдікәрімов иеленді. Ал екінші орын Қазыбаев Дарханға, үшінші орын Барлықбаев Қаршығаға бұйырды. Жеңіс тұғырынан көрінген балуандарға арнайы диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Турнирдің демеушілері мен ұйымдастырушылары жарысқа қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да осындай спорттық шараларды ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив