Ақмола облысында айран, сүт және ірімшіктің бағасы төмендетілді
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия шеңберінде өңір әкімдігімен бірлесіп, ӘМАТ сату кезінде рұқсат етілген сауда үстемесінен асыра қосу, артық делдалдықты белгілеу мақсатында тұрақты негізде азық-түлік тауарлары нарығына талдау жүргізеді.
Жүргізілген талдау барысында жеке кәсіпкер-жеткізуші тарапынан ӘМАТ сату кезінде сауда үстемесінің белгіленген мөлшерден асып кету фактісі анықталды.
Мәселен, жұмсақ қаптамадағы 2,5% май өндірушінің бағасы 1 литр үшін 310 теңгені құрайды, ал көтерме жеткізуші 45,2% сауда үстемесімен 450 теңгеге тауар сатты.
Бұдан басқа, ӘМАТ жеткізуші жеке кәсіпкер сауда желілеріне 5% майлы сүзбені 1560 теңгеге сатты, ал өндірушінің құны 1 кг үшін 1300 теңгені құраған. Сауда үстемесі – 20%.
Сондай-ақ, жұмсақ қаптамадағы май мөлшері 2,5% сүт өндірушінің бағасы - 1 литр үшін 347 теңге, ал көтерме сатушы оны 405 теңгеден сатты, яғни сауда үстемесі – 16,7%.
Сауда үстемесінің асып кету фактісі бойынша материалдар Ақмола облысындағы азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі Комиссияның қарауына жіберілді.
Комиссия отырысы барысында жеке кәсіпкер растайтын құжаттарды ұсына отырып, ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% - ға дейін (жұмсақ қаптамадағы айран 450 теңгеден 357 теңгеге дейін, 5% майлы сүзбе 1560 теңгеден 1495 теңгеге дейін, 2,5% майлы сүт 405 теңгеден 400 теңгеге дейін) төмендегенін хабарлады.