«Мұндай былықты ешқашан көрген емеспін» - «Ақтөбемен» матчтан кейінгі «Елімайдың» адал жанкүйерінің пікірі
Қазақстандық футболдағы сұмдық…
Кеше Қазақстан Кубогының жартылай финалы болды. Онда «Елімай» өз алаңында «Ақтөбе» клубымен кездесу өткізген еді. 2:1 есебімен Семейдің командасы жеңіске жетті. Алайда, оларға қосымша уақыт үшін бір гол жетпей қалды. Бірінші матч батыстық клубтың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды sportarena.kz.
Алайда, бұл ойынға Голливудтағы драмаға толы сценарийдің өзі қызғанышпен қарауы мүмкін.
Саясат Сәрсенбинов – клуб құрылғаннан бері «Елімайдың» жанкүйері. Ол ойында не болып жатқандығы туралы айтып берді. Бейне әлеуметтік желілерде тарады.
«Ойын аяқталғаннан бері бірнеше сағат өтті. Мен әлі үйге бара алмай, есеңгіреп отырмын. Елімайға жанкүйер болған 60 жыл бойы мұндай заңсыз, сұмдық футболды бірінші рет көруім. Біріншіден, кездесу төрешісі «Елімайдың» адал голы – үшінші голды есептемеді. Екіншіден, «Ақтөбе» футболшылары мүлдем сұмдық болды. Олар төрешіні итеріп, жанкүйерлерді қорлады. Менің құрметті Рамазан Оразов барша жанкүйерлерге макака пародиясын көрсетіп, балағаттады. «Ақтөбе» ойыншылары: «Біз – Әділет Барменқұловтың командасымыз және бізге бәрібір. Кубок - біздікі, чемпионат - біздікі. Олар бәрін алдын-ала жоспарлап қойған» дейді. Бұл аласапыран қашан аяқталады? Құрметті Әділет Назарбайұлы Барменқұлов, менің ойымша, сіз өз еркіңізбен кетуіңіз керек. Футбол клубтарымен футбол адамдары айналыссын» - деп жазды Саясат Сәрсенбинов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кубогының финалында «Ақтөбе» ФК «Атыраумен» ойнайды.
Дереккөз: https://sportarena.kz