Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруда. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне республика бойынша шамамен 13 млн. адам қатысу тиіс, оның 400 мыңнан астамы біздің Абай облысының тұрғындары.
Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, яғни төртінші кезеңде азаматтардың қалған санаттары декларация тапсыруы тиіс. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясы барысында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұрат Абдрахманов баяндады.
Салық декларациясын электронды түрде және қағаз жеткізгіште (ХҚКО-ларға, мемлекеттік кірістер органдарына немесе пошта бөлімшелері арқылы) ұсынуға болады. Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер cabinet.salyk.kz), веб-портал (Moldir.qoldau.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «Е-Salyq Azamat», Halyk, bcc.kz (Центркредитбанк), KaspiBank, eGov mobile мобильді қосымшасы қосылған.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек және мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы азаматтарға 2024 жылдың 2 сәуірден бастап хабарламалар жіберілген. Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасы басшысы Асем Тұрлыбекова атап өткендей берешегі барларға Заңнамаға сәйкес сот орындаушылар банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы.
Абай облысы бойынша МКД берешегін өндіріп алу мақсатында Абай облысының полиция департаментімен бірлесіп, борышкердің автомашинасының мемлекеттік нөмірін "Сергек-Қорғау"тіркеу камераларының дерекқорына енгізу жолымен борышкерлерді ұстау бойынша рейдтер жүргізуде.
Облыс бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 189,2 млн. теңге сомасына 5929 салық бұйрығы жіберіліп, оның ішінде 712 салық бұйрығы бойынша 39,4 млн.теңге өндірілген.