Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Абай облысы «Айбын-2024» халықаралық жиынында үздік үштікке енді

24-06-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы облысында «Айбын-2024» X Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.

Жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей мемлекеттерінен 44 команда, 700-ден астам жасөспірім мен оқушы қатысты. Жиында «Айбын дарыны» зияткерлік байқауы, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы өткізілді.

Облысымыздың «Абай қырандары» командасы ІІІ орын, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты тәрбиеленушілерінің командасы ІІ орын алды.

Қатысушы командалар АК-74-ті жартылай бөлшектеу, пневматикалық мылтықтан ату, 1 000 м, 3 000 м жүгіру, турникке тартылу, әскери эстафета, арқан тартыс бойынша тапсырмаларды орындады. Жалпы есепте облыс құрамасы 3 орын алды.  

Өткен жылы жалпы есепте облыс бесінші орынға ие болса, биыл үздік үштікке енді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив