Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

25-06-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексиканың қазіргі Президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадорға сенім грамоталарын табыс етті. Рәсім Ұлттық сарайда өтті.

Қысқаша cұхбат барысында Т. Пірімбетов Мексика мемлекет басшысын қоғам мен мемлекетті жан-жақты және іргелі жаңғыртуға бағытталған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті.

А.Лопес Обрадор екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, оның ішінде халықаралық аренада Мексика-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға жоғары мүдделілігін, сондай-ақ Астанада Мексика дипломатиялық өкілдігін ашу ниетін растады. Кездесу соңында қазақстандық дипломатқа жұмыста табыс тіледі.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексиканың Сыртқы істер министрі Алисия Барсена Ибарра қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив