Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.85 513.46 5.31

Көкпекті ауданында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы басталды

25-06-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Көкпекті ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде.

2025 жылға щейін облыста 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) нысандарын салу жоспарланған.

2024 жылы Көкпекті ауданында алты денсаулық сақтау нысаны салынуда. Үлгілімалшы ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда, ал Мамай, Қарамойыл, Үшкөмей, Биғаш және Шәріптоғай ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайда болады.

Фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер 2024 жылдың күзінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес орындалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив