Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Көкшетаудың №2 қазандығын қыс мезгіліне дайындауға Үкімет резервінен 2,3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады

25-06-2024, 12:43 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Үкіметі Көкшетау қаласының №2 аудандық қазандығында жылыту маусымы алдында шұғыл жұмыстар жүргізуге резервтен 2,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулы қабылдады.

Бұл жылу көзіне әрқайсысы 100 Гкал/сағ жылу өнімділігі бар үш көміртозаңды су жылыту қазандығы орнатылған. Олар гидравликалық әдіспен күл үйіндісіне арнайы күл-қож құбырлары арқылы шығарылатын күл-қож қалдықтарының көзі саналады.   Бүгінгі таңда 2012 жылы тұрғызылған күл үйіндісі 100% толған.

Осыған байланысты бөлу жүйесін реконструкциялауға және күл үйіндісін ұлғайтуға Үкімет резервінен қаражат бағытталатын болады, бұл алдағы жылыту маусымында аудандық қазандықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қыста ол тәулік бойы жұмыс істейді.

№2 аудандық қазандық №1, «Көкшетау 2» және «Красный Яр» қазандықтарымен қатар, жылу энергиясын өндірумен, берумен және таратумен айналысатын «Көкшетау Жылу» кәсіпорнының жылу кешеніне кіреді. Жалпы, ол 5 мыңнан астам көппәтерлі және жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 120 білім беру нысанын, 46 денсаулық сақтау объектісін, 1 мыңнан астам өнеркәсіп нысанын және өзге де ұйымдарды жылумен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда алдағы күзгі-қысқы кезеңге жылу көздерін қарқынды дайындау жұмысы жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірде ТКШ инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс Үкімет басшылығының бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив