Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

KAZ Minerals Aktogay өңірдегі абитуриенттерге гранттар бөледі

25-06-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл KAZ Minerals түлектерге арнап 23 грант қарастырған. Солардың ішінде бес грант Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетіне, бес грант Жоғары IT колледжінде білім алуға, үш грант Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне, бес грант Семей геологиялық барлау колледжінде оқуға, қалған бесеуі Семей электротехникалық колледжінде оқуға бөлінген.

Компания өкілдері осы күнге дейін Ақтоғай, Қопа ауылдары және Аягөз қаласының оқушыларымен кездесу өткізді.

- Грант алу үшін белгілі бір іріктеу талаптары бар, ол – ҰБТ кезінде жинаған балдар. Содан кейін үміткерлер арнайы сауалнама толтыруға тиіс. 15 шілдеге іріктеудің бірінші кезеңі жарияланады. Қазір біз оқушылардың өтініштерін күтудеміз, - дейді оқыту бөлімінің жетекшісі Жәнібек Ілиясов.

Гранттарды бөлу кезінде басымдық Ақтоғай кен орнына жақын орналасқан ауылдарда тұратын түлектерге беріледі.

- Абитуриенттердің белсенділігі жоғары. Жастар біздің мамандықтарымызға қызығушылық танытуда. Грант тәлім алушының жатын орнын, стипендиясы мен оқуының ақысын толық қамтамасыз етеді. Одан бөлек бізде міндетті өндірістік тәжірибеден өту қарастырылған. Жоғары оқу орындарымен арнайы келісім жасасып, түлектерді кәсіпорынның базасында екі апталық тәжірибеден өткіземіз, - дейді Жәнібек Ілиясов.

Тәжірибеден өткен түлектердің кәсіпорында тұрақты жұмысқа орналасуы жиі орын алатын жағдай. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері компания  бөлген 117 грант игерілген. Солардың ішінде 50 грант иесі оқуын аяқтап, компанияда жұмыс істеуде.

- Бізде сонымен қатар «Тағылымдама» бағдарламасы белсенді жұмыс істейді. Биыл 113 тағылымгерлі қабылдау жоспарымыз бар. Бұл оқуын бітіріп, жұмыс іздеуге кіріскен студенттер үшін тиімді жоба. Өкінішке қарай, еңбек тәжірибесі жоқ түлектерге өз мамандығы бойынша бірден жұмыс табыла бермейді. Сол себепті біз оларға компанияда тәжірибеден өтуді ұсынамыз. Тәжірибе мерзімінде өзін жақсы жағынан көрсеткен жастардың тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін,  - деп сөзін түйіндеді Жәнібек Ілиясов.

Грант иелері аталған бағдарламаның өздері үшін жақсы көмек болғанын айтады, олар тәжірибе жинап қана қоймай, тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік алды. Солардың бірі оқуын аяқтағаннан кейін бірден компанияда жұмысқа орналасқан Юлия Шевченко. Шілде айында жас қыздың бұл жерде техник-технолог мамандығы бойынша стажер болып орналасқанына тура бір жыл толады.

- 9 сыныпты бітіргеннен кейін мен Өскемендегі жоғары IT-колледжіне түстім, содан кейін KAZ Minerals Aktogay компаниясының грантына ие болдым. Компания бізге кабинет бөліп, құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Барлығы колледждің базасында ұйымдастырылды. Ал мұнда мен өндірістік және диплом қорғау қарсаңындағы арнайы тәжірибеден өту үшін келіп, әртүрлі бөлімдерде жұмыс істеп көрдім. Содан кейін маған компания өкілдері хабарласып, дипломымда алғаннан кейін бірден жұмысқа орналастырды. Осылайша мен техник-технолог қызметіне келдім. Металлургиялық зертханада біз тәжірибе жүргіземіз, өндіріске жарамдының барлығын зерттейміз. Жұмыс барысында туындаған мәселелердің себептері мен оны шешудің жолдарын қарастырамыз. Өндіріс тиімділігін арттыру үшін түрлі зерттеулер мен сараптама жасаумен айналысамыз. Бұл бағдарлама студенттер үшін жұмыс табудың бірден-бір жолы, себебі қазіргі уақытта тәжірибесі жоқ мамандарды ешқай жерде қабылдамайды. Ал мені мұнда бірден орналастым. Бұл тәжірибе мен білімді жинақтауға берілген жақсы мүмкіндік, - дейді Юлия Шевченко. 

Бағдарлама жұмысын бастаған уақыттан компанияға 642 тағылымгер келіп, соның ішінде 475 жас қабылданып, тұрақты жұмысқа ауыстырылған. Қазір өндірісте 47 тағылымгер тәжірибеден өтуде. Кәсіпорынға келген алғашқы күннен бастап тағылымгерлер барлық жұмысшылар секілді қауіпсіздік техникасы бойынша бастапқы нұсқаулықтармен таныстырылып, барлық міндетті қауіпсіздік тренингтерінен өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив