Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Абай облысында бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне мониторинг жүргізді

25-06-2024, 14:37 018.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті өңірдегі өзекті проблемалардың бірі – рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Мониторинг барысында жалпы алаңы 3 гектардан асатын ең үлкен қоқыс үйінділері анықталды. Олар Кірпіш зауыты кентінде, Бобровка кентіндегі қар полигонының аумағында және Семей қаласының халықаралық әуежайы жанында қалыптасқан.

Негізінен, қалдықтар мектептердің, тұрғын үйлер мен стратегиялық маңызы бар нысандардың маңайында жинақталып, қайтымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті араласқаннан кейін қала әкімдігі жоғарыда аталған рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жоятын болады.

Сонымен қатар экологтер мен полиция қызметкерлерінің қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бұзушыларды  анықтау жөніндегі жұмысы жанданатын болады.

Аталған мәселе облыстың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына экологиялық қауіпсіздік бағыты бойынша қамтылғанын естеріңізге саламыз.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив