Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен ҚМДБ жазба мұраларды зерттеуге бірлесе атсалысады

25-06-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталған бастама еліміздегі мешіттер мен жеке тұлғаларда сақталған құнды жазба деректерді анықтап, жинау және зерттеуге, ғылыми айналымға енгізуге бағытталған. Сонымен қатар ынтымақтастық аясында «Munara TV» телеарнасында бірлескен телевизиялық жобалар жасау көзделіп отыр.

Іс-шара аясында көне мұраларды анықтау және зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы «Қолжазба – ғасырлар мұрасы» атты көрме таныстырылды.

Ұлттық орталықтың мамандары құнды жазба мұраларды сақтауда маңызды рөл атқаратын реставрация зертханасының қызметі жайлы айтты. Жасалған жұмыстардың қатарында Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабына
2023 жылы жоғары деңгейде жүргізілген реставрация бар.

Биыл орталықтың мамандары Қазақстанның төрт облысында ғылыми эспедицияда болып, қорға 150 құнды қолжазба мен сирек кітап түпұсқасын әкелді. ҚМДБ қолдауының арқасында мешіттер де өз қорларынан көптеген қолжазба тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив