Қала әкімі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аулаларды аралады
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласындағы аула аумақтарын абаттандыру бойынша әкімдіктің бөлім басшыларымен кезекті көшпелі кеңес өткізді.
2023 жылы Семейде 71 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. 2024 жылы қаланың 46 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Оның ішінде 14 аула, 4 қоғамдық кеңістік абаттандырылады.
Қала басшысы аула аумақтарын абаттындыру жұмыстары басталған Би Боранбай 47, Сорокина 34 және аула аумағындағы тротуарды асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатқан Селевина 12 мекенжайына барды.
Көшпелі кеңес нәтижесінде мердігер ұйымдарға, сондай-ақ қала әкімдігінің бөлімдеріне процесті бақылау, сондай-ақ барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов “Spartak” стадионына барып, стадионның басшылығымен кездесті. Кездесу барысында стадионды күтіп ұстау және алдағы ойындарға дайындық барысы талқыланды.