ҚР Қарулы күштерінде – жаңа тағайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
Серік Жақсығалиұлы Борамбаев 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. 1986 жылы республикалық орта мектеп-интернатын бітірген. 1990 жылы – Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін, 2007 жылы – Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін аяқтаған.
Атырау мемлекеттік университетінде және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университетінің адъюнктурасында сырттай оқыды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарды бітірді.
1990 жылдан 1992 жылға дейін Серік Борамбаев Қызыл Ту Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызмет атқарды.
Алты жыл бойы – 1992 жылдан 2004 жылға дейін жергілікті әскери басқару органдарында қызмет етті, бір жарым жыл ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институты бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары болды.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университетін бітіргеннен кейін «Батыс» ӨңҚ әскерлер қолбасшысы басқармасының аға офицері болып тағайындалды. 2008 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары – штаб бастығы болды.
2011 жылдың мамырынан 2016 жылдың қазанына дейін Әскери-теңіз күштерінде 29011 әскери бөлімінің командирі – бас қолбасшының орынбасары, бас қолбасшының бірінші орынбасары – Әскери-теңіз күштері бас штабының бастығы, бас қолбасшының орынбасары – ҚР Қарулы күштерінің осы әскер түрінің бас қолбасшысы басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2016 жылдан бастап Қорғаныс министрлігінде Ақпарат және коммуникациялар, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменттерінің бастығы, Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы болды.
Қазіргі лауазымға тағайдалғанға дейін 2023 жылдың ақпаны 2024 жылдың маусымы аралығында Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы – ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылы С.Ж. Борамбаев «генерал-майор» әскери атағын алды. 2016 жылы ол мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Одан өзге PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Серік Жақсығалиұлы отбасылы, үш баласы тәрбиелеп өсіріп отыр.