Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады

25-06-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды.

Мемлекет басшысының айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.

– Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұйымға төрағалық етіп отырған Мальтамен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз, – деді Президент.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоноға ізгі тілегін жолдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстан мен Мальта байланыстарына тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив