Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.19 536.55 5.61

Абай облысы Қытайдағы көрмеде өз өнімдерін ұсынды

28-06-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының компаниялары VIII «Қытай-Еуразия» EXPO халықаралық көрмесіне қатысты.

Көрмедегі Қазақстанның ұлттық павильонында «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС өнімдері ұсынылды. Бұл күнбағыс тұқымын өңдейтін Қазақстандағы ең ірі кәсіпорынның бірі. Кәсіпорынның күнделікті 1000-1200 тоннаға дейін шикізат өңдейді.

«QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС өз өнімін Қытай, Эстония, Латвия, Испания, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларуссия, Ресей сияқты елдерге экспорттап, отандық нарыққа да саудалайды.

Форум аясында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, ағаш өңдеу кешенінің құрылысына байланысты «Универсал СМ» ЖШС мен «Luyi Country Hongyao Furniture Co.LTD» арасындағы бірлескен қызмет туралы меморандум бар.

Сондай-ақ, «Семей» ӘКК» АҚ мен «Wulehan invest Co.ltd» компаниясы арасында әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы келісім жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив