Баспасөз хатшылары мен ішкі саясат мамандары жасанды интеллект дағдыларын үйренді
Абай облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Abai Media Week - 2024» медиа форумы аясында ұйымдастырылған семинар-тренингтің екінші күні өтті.
Ішкі саясат мамандары мен баспасөз хатшылары басқосқан іс-шарада «ABAI MEDIA GROUP» ЖШС алаңы таныстырылды. Қатысушылар медиа ортадағы соңғы үлгідегі жаңа технологиялармен танысып, «Beine Lab» студиясының жұмысын көрді.
«Ресми ақпарат. Жасанды интеллект» тақырыбында өткен тренингті «018.kz» ақпарат порталының бас редакторы Думан Кенжеғазыұлы, Абай облысы әкімі баспасөз қызметінің маманы, «018.kz» ақпарат порталының тілшісі Замира Мурсалимова жүргізді.
Сонымен қатар, ресми парақшаларды жүргізу, оларды безендіру, жасанды интеллектпен жұмыс жасау туралы мәліметтер айтылды. Семинар барысында қатысушылар бір-бірімен қызу пікір алмасып, тәжірибелік жұмыста түрлі сұрақтарға жауаптар алды.
Айта кетейік, облыстық журналистер форумын дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.