Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтауы

28-06-2024, 15:23 018.kz

Құрметті БАҚ қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұқаралық ақпарат құралдары еліміздегі игілікті істердің жаршысы, әділетті қоғамның айнасы ретінде шынайы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Журналистика – орасан зор жауапкершілікті, ерен еңбекті және отаншылдық рух сияқты ұлы қасиетті қажет ететін бірегей кәсіп. Бұл орайда қазақстандық журналистер қауымы елдігімізді нығайту, ұлттық мүддені қорғау жолында өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келе жатқанын ерекше ықыласпен атап өтемін. Мемлекеттік деңгейдегі кез келген мәселеде қоғам Сіздердің тараптарыңыздан азаматтық жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті айқын сезініп келеді. 

Ақпарат дәуірінде идеология майданының алғы шебінде жүрген қуатты да бәсекеге қабілетті отандық медианың орны қашанда көш ілгері болатынына сенімдімін.

Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жаңа шығармашылық шабыт тілеймін!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив