Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Аймақ басшысы депутаттарға атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

30-06-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облыстық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері мен депутаттар қатысты. Сессия барысында Нұрлан Ұранхаев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Жалпы, облыс бюджетінің көлемі өткен жылы 64%-ға өсіп, 428 млрд теңгені құрады. Облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданып, инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрады. Жоспарға 102 іс-шара кіреді.

«Өнеркәсіп секторында 2028 жылға дейін 7 мың жұмыс орнын құрумен 2 трлн теңгеге 22 жобаны іске асыру жоспарланған. Биылғы жылы 1,2 млрд теңгеге екі жоба іске асырылып, 385 жаңа жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 17,2 млрд теңгеге тағы жеті жобаны енгізу жоспарлануда», -деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Қытайды Еуропа елдерімен байланыстыратын «Аягөз – Тачэн» темір жолы да өз серпінін береді. «Семей-Тачен-Семей» әуе қатынасын ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл өңірде туризмнің дамуына ықпал етпек.

Сондай-ақ, өткен жылы Семей қаласында жалпы ұзындығы 24 шақырым жылу желілері жаңартылды. Биылғы жылы жылу жүйесі бойынша 9 жобаны жүзеге асыру жоспарда тұр.

«Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы 5 720 адамды қамтыған алты нысан пайдалануға берілді. Облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 92,8% құрады. Көлік инфрақұрылымы саласында 2025 жылы Семейдегі автогуж (ескі) көпірін қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, аспалы көпірді қайта жағыртуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қоғамдық көлікті дамыту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 70 автобус сатып алынды, ал биыл тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда», - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 394,3 мың шаршы метр болатын 45 көппәтерлі және 570 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Облысты дамытудың Кешенді жоспарына Семей қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы енген. Өмір сүру сапасын арттыру үшін ауылдық жерлерді дамыту жалғасуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс ауылдарында объектілермен және қызмет көрсетумен қамтамасыз ету деңгейі 56,5% -ды құрады.

Сессия барысында, сондай-ақ 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы, салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын және Абай облысының даму бағдарламасын іске асыру туралы мәселелер қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив