Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыс әкімі Бородулиха ауданындағы нысандарды аралады

30-06-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданына жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құрылыс жұмыстарының қарқынын көзімен көріп, ауылшаруашылығы саласының бүгінгі аяқалысымен танысты.

Мәселен, Петропавл ауылында Ақмола облысындағы Родина ауылының тәжірибесіне сүйене отырып, майлы дақылдар өсіру жоспарлануда. Жобаны іске асырумен «Труд» ШҚ айналысады.

Бүгінде майлы дақылдар күнбағыс дәндері сияқты өнімдерді өндіру жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ, дәнді дақылдар ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарға азық ретінде пайдаланылатындықтан, осы салаларды дамыту маңызды. Биыл шаруа қожалықтарын күнбағыс алқаптарын 2 500 гектарға дейін ұлғайтты.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен, сондай-ақ Мемлекет басшысының бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту туралы Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралармен танысты. Мердігер – «СМУ Шығыс» ЖШС. Жұмыстарды 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

Сапар барысында басқарма басшыларына, Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевқа, сонымен қатар, мердігер ұйымдарға нысандардың құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау мен жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив