Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

СІМ-де Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні аталып өтті

30-06-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Сыртқы істер министрлігінде жыл сайын 2 шілдеде аталып өтетін Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні қарсаңында салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға дипломатиялық қызмет ардагерлері, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері және ҚР СІМ Орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сыртқы саяси ведомствосының ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, дипломаттар өздерінің терең білімдері, өмірлік және кәсіби тәжірибелерінің арқасында мемлекетіміздің өркендеуі жолында қажырлы еңбек ететінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстан өңірлік және жаһандық үдерістердің бел ортасында жүр. Еліміз үлкен халықаралық беделі мен өңірлік ықпалы бар мемлекет ретінде өз дамуының жаңа белестерін еңсеруде. Бұл қазақ дипломаттарының да күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деп мәлімдеді СІМ басшысы.

Өз сөзінде ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындайтын сыртқы саясатты ілгерілету жолында министрлік ұжымының риясыз еңбегін де атап өтті.

Дипломатиялық қызметі күніне орай бірқатар ардагерлер мен дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды, сондай-ақ ведомство қызметкерлеріне кезекті дипломатиялық дәрежелер берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив