Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу жұмыстары жалғасуда

1-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Кемсітушілікке қарсы заңнама және нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенциясын орындау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс тобының құрамына ҚР МАМ, ҒЖБМ, ОМ, ӘМ, СІМ, ЕХӘҚМ, Бас прокуратура, ҰҚК өкілдері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласының сарапшылары кірді. Кездесуде олар заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұстанымдары мен шешімдерін ортаға салды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова кездесуде жұмыс тобы ҮЕҰ мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері үшін ашық екенін, сондай-ақ азаматтық қоғамнан конструктивті идеялар мен ұсыныстар күтетінін атап өтті.

Жұмыс тобының қызметін үйлестіру үшін 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив