Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді

1-07-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасы (БҰҰ) арасындағы келісім аясында жеті қазақстандық волонтер БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдарында (UNFPA, UN Women, UNDP, UN ESSCAP, IOM) тағылымдамадан өтеді. Олар 266 үміткердің арасынан конкурстық негізде іріктелді. Үш жыл бойы волонтерлер Кения, Тайланд және Түркияда жұмыс істейді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар волонтерлік қызмет саласындағы әлемдік оң тәжірибені Қазақстанда одан әрі іске асыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ еріктілер бағдарламасы қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ның халықаралық волонтерлері ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін келісімге қол қойған еді. Нәтижесінде 7 қазақстандық әлемнің әртүрлі елінде (Кения, Иордания, Түркия және Таиланд) өздерінің волонтерлік қызметін сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде 6 волонтер бүкіл әлем бойынша БҰҰ құрылымдарына жұмысқа шақырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив