Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

«АстраЗенека» және «СК-Фармация» Қазақстанда шығарылған инновациялық препараттарды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды

Фото: «СК-Фармация» ЖШС баспасөз-қызметі

2-07-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

«АстраЗенека» және «СК-Фармация» қазақстандық өндіруші «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» базасында шығарылатын түпнұсқа патенттелген дәрілік заттарды жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін Қазақстанның фармацевтика саласына шетелдік инвесторларды тарту үшін «СК-Фармация» мен «KAZAKH INVEST» ҰК» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі шарт «KAZAKH INVEST» ҰК» алаңында осы инвестициялық жоба шеңберінде орындалды.

«СК-Фармациямен» ұзақ мерзімді шарттың міндеттемелерін орындау үшін «АстраЗенека» тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ете отырып, ҚР аумағында келісімшарттық өндірісті жолға қоюға және өндірілген бірегей патенттелген дәрілік препараттарды бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді ұйымдастыруға ниетті.

Мария Шипулева, «АстраЗенека» Қазақстан компаниясының директоры: «Бүгін біз «СК-Фармациямен» компаниямыздың Қазақстанда дәрілік заттарды өндіру жөніндегі жоспарларын көрсететін маңызды шартқа қол қойдық. «АстраЗенека» инновациялық препараттары отандық өндіруші – «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ алаңында шығарылады. Біздің «СК-Фармациямен» ұзақ мерзімді келісім шеңберіндегі қызметіміз еліміздің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға, ең бастысы Қазақстандағы пациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз».

«АстраЗенека» – инновациялық препараттарды әзірлеуге және өндіруге бағытталған әлемдегі ең ірі биофармацевтикалық компаниялардың бірі. «СК-Фармация» және «АстраЗенека» ынтымақтастығының арқасында Қазақстандағы пациенттер үшін жаңа медициналық ғылыми әзірлемелер қолжетімді бола түседі.

«Біз бірыңғай дистрибьютор ретінде ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде өз міндеттерімізді орындауға толық дайын екенімізді білдіреміз және саланы серпінді дамыту, оның ішінде отандық фармацевтикалық нарықта әлемнің ірі инновациялық фармкомпанияларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жан-жақты жұмысты жалғастырамыз», - деді «СК-Фармация» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Руслан Нұрмұханов.

Ержан Елекеев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы: «Бүгін біз «АстраЗенека» және «СК-Фармация» арасындағы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылғанына куә болып отырмыз. Бұл инновациялық препараттарды өндіру бойынша жобаға оң серпін болып отыр. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Инвестициялық штабтың осы процеске белсенді қатысуын атап өткім келеді. Мұнда фармацевтикалық компанияларға қатысты мәселелер және BigPharma-ға қатысты бірқатар жобалар бірнеше рет талқыланды. Соның жалғасы ретінде «АстраЗенека» сияқты жобалар мүмкін болды.

«АстраЗенека» компаниясы жайында

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде таныстырылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив