«Е-Заң көмегі» жүйесі іске қосылды
Елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) «Е-заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірледі.
Жобаның мақсаты - халықты онлайн режимінде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылымен қамтамасыз ету.
Бұл ретте, «Е-заң көмегі» АЖ-да «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына және 26-бабына сәйкес (https://eup.kz/) халық үшін тегін негізде кешенді әлеуметтік заң көмегі және мемлекет кепілдік берген заң көмегі (бұдан әрі – МКЗК) бойынша онлайн режимінде консультация алу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ, адвокаттар мен заң консультанттарын іздестіру функционалы іске асырылды. Бұл сервис тұрғындарға адвокатты, заң консультантын маманданымы бойынша іздестіруге мүмкіндік береді. Covid кезеңінде бұл шешім өзекті болды.
Аталған ресурс білікті заң көмегін алу бөлігінде халықтың хабардарлығын арттыруға көмектесетінін атап өтеді. «ҰАТ» АҚ «Е-заң көмегі» АЖ әлеуметтік жобасының перспективаларын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы ретінде заң көмегін көрсету процестерін автоматтандыру мен оңтайландыруға бағыт алды. Осы процестер арқылы әкімшілік кедергілер мен заңсыз іс-әрекеттер барынша азайтылатын болады.