Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Халықтың кибергигиена деңгейін арттыру мақсатында тегін портал іске қосылды

3-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық MSSP.Global компаниясымен бірлесе отырып, халық үшін citizensec.kz тегін порталын іске қосты.

80% жағдайда сәтті кибершабуылдар ұйым қызметкерлерінің немқұрайлылығынан және азаматтардың цифрлық қызметтерді пайдалану кезінде киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаттары туралы білімінің жеткіліксіздігінен туындайды.

Citizensec.kz порталы (https://citizensec.kz/awareness) Интернеттегі қауіпсіздік, оның ішінде құпия сөз саясаты, фишинг, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, жеке деректерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау және т.б. туралы баяндалатын қысқа роликтер арқылы халықтың кибергигиенасын арттыруға бағытталған. Курс нәтижелері бойынша тыңдаушылар жетістік сертификатын алады.

Сонымен қатар, осы порталда ағымдағы қауіпсіздік шараларын талдауды, олардың тиімділігін бағалауды және ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жаңа шешімдерді енгізуді қоса алғанда, қауіпсіз цифрлық ортаны құруға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік әдістемесі бар (https://citizensec.kz/methodology).

Кибергигиена мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру 2023 - 2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасының міндеттерінің бірі болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысы).

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға арналған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізеді, сондай-ақ халыққа киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінгі күні киберқауіпсіздік мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейі 80,4% құрайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив