Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды

4-07-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Ербол Әліқұлов Индонезия Білім, мәдениет, зерттеулер және технологиялар министрлігінің Мәдениет басқармасының бас директоры Хильмар Фаридпен және Индонезияның ҚР-дағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті.

Ербол Әліқұлов өткен жылы Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Осы уақыт ішінде біздің елдеріміз екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде тығыз және сенімді қарым-қатынас орнатты. Қазір біз екі елдің мәдени іс-шараларға қатысуы арқылы бірлескен жұмысты жандандыруымыз қажет», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылды. Серіктестер өзара байланыс аясын кеңейтуге ниетті.

«Қазақстан мен Индонезияның ортақ тұстары көп. Біз – көпұлтты және көпмәдениетті мемлекетпіз. Біздің ынтымақтастығымыз одан да тиімді әрі жемісті болатынына сенімдімін», – деп атап өтті Хильмар Фарид. Сонымен қатар екі елде де алмасу бойынша оқитын студенттер санын көбейтуді ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, театр және кинематография саласындағы ынтымақтастықты қарастыруға және нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив