Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Руслан Жақсылықов ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

4-07-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Беларусь астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. 

Үшінші шілдеде Минскіде Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары, Достастық Министрлер Кеңесінің Бас хатшысы мен хатшысы жиналды. 

Отырыс барысында көпжақты ынтымақтастық пен достастық форматындағы әскери мақсаттағы бірлескен (біріккен) жүйелерді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Отырысқа қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастығын дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін мақұлдады.

Отырыс бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюмен аяқталды.

Қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Беларусь елінің неміс-фашистік басқыншылардан азат етілуінің 80 жылдығымен және Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келді. 

Осыған орай республика сарайында салтанатты концерт, ал «Минск – батыр қала» ескерткішінің маңында әскери парад өтті. Іс-шараға Беларусь Президенті Александр Лукашенко қатысты. Алаңда есептоптар қатарында Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері де салтанатты маршпен жүріп өтті. Достастық елдерінің Қарулы күштері контингенттеріне құрмет көрсетіліп, Ұлы Отан соғысының ұрыс даласынан оралмағандарды мәңгі есте сақтау үшін Жеңіс монументіне гүл шоқтары қойылды. 

Тарихи оқиға аясында делегация басшылары Беларусь Республикасының неміс-фашистік басқыншылардан азат етілуінің 80 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталды. Оны Беларусь қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренин табыс етті. 

Әскери делегациялар мүшелері Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық кітапханасы мен Мемлекеттік тарих мұражайын да аралады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив